ЖаңалықтарҚала мен Сала

БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

Астанадағы Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «KZ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен елордадағы көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған жаңа жыл кеші өтті.

erm_8299

 – Біздің қоғамдық қор он жылдан бері әлеуметтік бағытта жұмыс істейді. Негізінен, көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеміз. Бүгінгі мерекеге 200 бала шақырылды. Оларға концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жаңа жылдық спектакль қойылды. Содан кейін түрлі сыйлықтарымызды табыс еттік. Біз 23 қаңтарда да Жастар сарайында 157 балаға Жаңа жыл кешін өткізіп, оларға алған сыйлықтарымызды үлестірген едік, – деді аталған қордың әлеуметтік жобалар менеджері Меруерт Мұхтарқызы.
Жеткіншектерге керемет сәт сыйлаған кеште балалар түрлі киімдер киіп, Аяз ата мен Ақшақарға өнерлерін көрсетіп, мәз-мейрам қуанышқа кенелді.

Азамат ҚҰСАЙЫН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button