Жаңалықтар

Бетон зауыты көшіріледі

Астанадағы бетон зауыты басқа орынға көшіріледі. Бұл туралы шаһар басшысы Әсет Исекешев Facebook әлеу­меттік желісінде мәлімдеді.

Елорда әкімі тұрғындардың талап-арыздары бойынша бірқатар нысандарды аралады. Солардың ішінде Bi-Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаевпен бірге «Family Village» және «Vela Village» коттедж қалашықтарының маңындағы бетон зауытының мәселесін талқылады.
– Бұл зауыт қаладағы біраз құрылыс нысандарын бетонмен қамтамасыз етіп отырғандықтан, оны басқа жерге көшіруді келесі жылға жоспарлаған еді.
Бірақ компания бүгінгі бірлескен жиыннан кейін зауытты биыл көшіру туралы шешім қабылдады. Алдағы екі ай ішінде жаңа алаң дайындалады. Содан кейін зауыт орнын ауыстырады, – деді Әсет Исекешев.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button