ҚоғамТәуелсіздік күні

Алғыс хаттар алды

Елордада Тәуелсіздік күніне орай «АСТАНА-ТЕХНОПОЛИС» арнайы экономикалық аймағының басшысы Бақытжан Досқазиев №1 индустриялық парктің өндірістік кәсіпорындарын аралап, үздік қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.

Бүгінде «АСТАНА-ТЕХНОПОЛИС» арнайы экономикалық аймағының құрамында 51 кәсіпорын бар, 4300 маман қызмет етеді. Алдағы уақытта тағы 30 зауыт ашылады.
«Бүгін қала әкімдігінің атынан индус­триялық аймақтың ірі мекемелерінің мамандарын арнайы алғыс хаттармен марапаттап жатырмыз. Еліміздің дамуы үшін қарапайым жұмысшылардың еңбегі орасан. Бүгін №1 индустриялық парктің 10 кәсіпорнын құттықтадық. Атап айтқанда, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг», «Локомотив құрастыру зауыты», «Қазақстан Аселсан инжиниринг, «Selena Insulations, «Avalon-K» жиһаз жасау зауыты, «Astana Ютария LTD» киім тігетін кәсіпорын, «STAHLBAU» металл құрылым зауыты және басқаларына бардық. Жалпы, қаланың 80 пайыз өндірісін арнайы экономикалық аймақ құрамындағы кәсіпорындар қамтып отыр» дейді Б.Досқазиев.

«STAHLBAU» металл құрылым зауытының директоры Алмаз Мыңжасаровтың айтуынша, жыл соңына дейін 50 ауыр автокөлік шығарылады. Оның 18-і – Ресейге, 12-сі Қырғызстанға экспортталады екен.
«Коммуналдық көлік түрлерін құрас­тыру мен бөлшектерін жасап шығарумен айналысамыз. Өткен жылдан бері біздің зауытта құрастырылған 10 ауыр автокөлік қала игілігіне қызмет етуде. Автомобиль бөлшектерін құрастырып, сатылымға шығарғанша 2 күн кетеді, орташа бағасы – 45 миллион теңге. Күніне кәсіпорында 30-дан аса автокөлік жасалады. Қазіргі таңда тауарға сұраныс аз болғандықтан, айына 20-30 көлік құрастырумен шектеліп отырмыз. Кәсіпорында 37 маман бар. Қызметкерлердің еңбегін ескеріп, айтулы күнмен құттықтауын жолдаған қала әкімдігіне алғыс білдіреміз» деді зауыт жетекшісі.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button