ҚоғамТәуелсіздік күні

Ерен еңбек бағаланды

Тәуелсіздік күні қарсаңында бір топ елордалық дәрігерлер, мұғалімдер, әлеуметтік сала қызметкерлері, еңбек ардагерлері мемлекеттік наградаларға ие болды. Марапат иелерін елорда әкімі Алтай Көлгінов құттықтады.

«Бүгін мемлекеттік наградаға ие болған азаматтар елорданың көшірілуінің алғашқы жылдарында халық санының жылдам өсуін ескере отырып, қаланы жылумен, жарықпен және сумен қамтамасыз етті. Медицинаның дамуына зор үлес қосқан, Ұлттық нейрохирургия орталығында індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі штабтың жұмысын ұйымдастырған М.Шайдаров «Парасат» орденімен марапатталды. Білім беру, медицина, құрылыс саласындағы ардагерлер «Құрмет» орденімен, ондаған жылдар бойы ЖЭО-да, «Астана-­Энергия» және т. б. стратегиялық нысандарда еңбек еткен қызметкерлер «III дәрежелі Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Сондай-ақ қала мен елдің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқандар бірқатар азаматтар «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды» деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қала басшысы марапат иелеріне зор денсаулық, жемісті еңбек тілеп, алдағы мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button