Білім

Білім – бірінші өндіргіш күш

Ауыт МҰҚИБЕК, ақын, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің кеңесшісі

Елбасымыздың әр жылғы Жолдауының өз ерекшелігі бар. Ал биылғы Жолдауға кел­сек, ол маған бірден Қазақстан Респуб­ли­касының Конституция­сының 1-бабын еске түсірді. Ата Заңның 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайыр­лы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. Міне, Жолдау бастан­-аяқ сол Конституциямыз­да көрсетілген ең қым­бат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бос­тандықтары үшін барынша жағдай жасауға бағытталғаны көрініп тұр.
Бұл – біздің жас мемлекеті­міздің кемелділікке қадам бас­қандығының айғағы. Екіншіден, ішкі жалпы өнімнің 10 пайызын білім саласына бөлу деген әлемнің ешбір мемлекетінде жоқ көрсеткіш! Білім – бірінші өндіргіш күш! Сондықтан, бірінші кезекте білім саласына көңіл бөлген елдердің бәрі қазіргі таңда көшбасшы мемлекеттердің қатарында тұр.
Шынымды айтсам, Жолдауды оқып отырып, Қазақстанды осы тілмен салған суреттегі ғажайып шұғылалы бiр жағаға, ұзақ сапарға тартып бара жатқан алып кемеге ұқсаттым мен.
Алып кеме көк байрағын желбіретіп, көк теңізде алға баса берсін!

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button