Басты ақпаратЖаңалықтар

Биыл 140 балл бағынар ма екен?

Ертең елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Биыл түлектер сынағы 15-ші мәрте өткізіледі. Осы уақыт аралығында, яғни 2014 жылдан бастап оған 1 млн 600 мың түлек қатысты.

ҰБТ-2018 биыл 20 маусым-1 шілде аралығында ұйымдастырылады. Астанада тестілеу Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті базалары негізінде өтеді. Бүгінгі таңда ҰБТ өтетін барлық орындар онлайн режимде хабар таратуға дайын. Елордада ҰБТ-ға қатысуға 5329 түлек өтініш берді. Олардың 3293-і – қазақ тілінде, 2030-ы – орыс тілінде, 6-ы ағылшын тілінде тапсыруға ниет танытты. Тестілеу 3,5 сағатты алып, 9.00-12.30 аралығында өтеді. Былтыр Астанада ең жоғары балл 139 болды. Биыл максималды 140 балл бағынар ма екен? Жалпы, шекті балл бұрынғыдай 50 болып отыр. Білім, ауыл шаруаш ылығы және ветеринария маманд ықтарын таңдағандар – 60, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл жинау қажет. Тиісті балдарды жинай алмағандар биылғы тамыз мен келесі жылдың қаңтарында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыра алады. Қайта тапсыру ақысы – 2462 теңге.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button