Ел тынысы

Биыл елде 16 есірткі зертханасы жойылды

Жыл басынан бері ІІМ 16 есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

ІІМ брифингінде ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Алекешев елдегі есірткі ахуалы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл туралы айтты.

– Биыл 2063 қылмыстық есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Есірткі өткізудің 517 фактісі тоқтатылды. Әрбір үшінші факт интернет арқылы жасалады. Сондай-ақ есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 149 фактісі анықталды, – деді спикер.

Жыл басынан бері төрт ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Оның ішінде бір трансұлттық қылмыстық топ бар. Ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін сегіз қылмыстық іс қозғалды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button