Жаңалықтар

Ботаникалық бақ маусымда түрленеді

100 мыңға жуық тал-терегі жайқалған Астананың Ботаникалық бағы 1 маусымда ашылады.

Арқаның суық климатына бейімді келетін қара қайың, қызыл үйеңкі, өзен жағасында өсетін үйеңкі, үшкір жапырақты үйеңкі, дала үйеңкісі, боз арша, маньчжурия жаңғағы, сібір майқарағайы, қарағай, бүрлі ағаш, виргин мойылы және тағы басқа ағаштардың түрі бақтың көркін аша түспек.
Осыдан екі жыл бұрын бас­талған Ботаника бағының құ­рылысы үлкен кешенге айналып отыр. Мұнда кіреберіс алаңқайы ажарын ашып тұратын болса, жабық жылыжай, жасанды су қоймасы, ақпарат орталығы, жаяу жүргіншілер көпірі де жобада қарастырылған.
Мұнда қоршаған ортаны қорғауға қатысты ғылыми зерттеулер, танымдық, оқу-ағарту, ойын-сауық, экология және табиғатты қорғайтын іс-шаралар өткізіліп тұрады. Астана тұрғындары мен қонақтары баққа жылдың барлық мезгілінде сайрандап, сейілдей алады.
100 гектар аймақты алып жатқан бақтың көркемделуіне шығысқазақстандықтар да өз үлесін қосып отыр. Ботаникалық бақтағы түрлі түсті жарықпен көркемделген сазды субұрқақ осы облыстың Астана мерейтойына арналған тартуының бірі болмақ.

 

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button