Жаңалықтар

Британияның үздік үрдістерін үйренеді

Ұлыбританияның Азаматтық авиация агенттігі мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осы саланы реттеудің британиялық үлгісіне көшу бойынша бірлескен жобаны бастады.

Аталған жоба аясында Біріккен Корольдіктен келген мамандар отандық азаматтық авиация әкімшілігінің нормативтік-құқықтық актілеріне EASA (Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі еуропалық агенттік) және ЕО нормативтерін енгізу жолдарын ұсынып, ұшу қауіпсіздігін қадағалаудың құқықтық құрылымына талдау жасайды.
«Бұл ынтымақтастық Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және Ұлыбританияның авиация саласындағы үздік үрдістерді үйренуге мүмкіндік береді, Қазақстанның авиация саласын мемлекеттік реттеудің халықаралық тәжірибеге көшуін жылдамдатады, мұнымен қоса ұшу қауіпсіздігінің деңгейін Халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына сай келетіндей етіп жоғарылатады, – деді Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс.
Ал Ұлыбританияның Азаматтық авиация агенттігінің Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша халықаралық операциялар жетекшісі Роб Эрскайнның айтуынша, жаңа жобаның іске қосылуы Қазақстан арқылы жүзеге асатын әуе транзитінің тартымдылығын арттыруға да жол ашады.
Қазіргі таңда Авиациялық әкімшілік қызметінің бағыттары (ұшуды пайдалану, ұшу жарамдылығы, аэродромда және жерде қызмет көрсету, аэронавигация, авиациялық қауіпсіздік, авиациялық заңнама, авиаперсоналмен жұмыс істеу) бойынша шетелдік және отандық сарапшылардан бірлескен жобалау тобы құрылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button