Шаһар шежіресі

Дәрігерлер ұстазы – Удод ғалым

Владимир Максимович Удод 1919 жылы 10 ақпанда Одесса облысының Березовка селосында туған. Ол 1965 жылы Украинадан Тың өлкесіне келіп, Целиноград медицина институтында өмірінің соңына дейін дәрігер мамандар даярлады.

1966 жылы одақтық дәрежеде диссертация қорғап,  ғылым докторы атанды. Профессордың ғылыми жұмыстары, негізінен, хирургия мәселелеріне арналған. Ол ұзақ жылдар бойы қалқанша без, ішек-қарын, іріңді жара хирургиясымен айналысты. 386 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монография мен 5 оқу құралының авторы. 4 өнертабыс пен 25 ұсыныстың иегері.

Суретте 1970 жыл. Жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі Владимир Максимович Удод студенттерге лекция оқуда.

Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button