Мәдениет

«Дайрабайдан» «Шалқымаға» дейін

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония­ның симфониялық оркестрі әлемдік және отандық музыканың классика­лық туындыларымен таныстыратын «Viva musica!» топтамасынан кезекті концерт ұсынды. Бас дирижер – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Дүйсембаев.

Кеш бағдарламасы Еркеғали Рахмадиевтің «Дайрабай» симфониялық күйі, Алмас Серкебаевтың «Шалқыма» симфониялық поэмасы, Лопе де Веганың «Валенсия жесірі» комедиясына жазған Арам Хачатурянның сюитасы және оркестрмен скрипкаға арналған шығармасынан тұрды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жібек Мүсірғалиева (скрипка) кеш қонағы болды.

Еркеғали Рахмадиевтің «Дайрабай» симфониялық күйін музыкатанушылар Қазақстанның музыка өнеріндегі шоқтығы биік туынды ретінде бағалайды. Алмас Серкебаев «Шалқыма» пьесасын халық композиторы Жантөренің аттас күйінің тақырыбына жазды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button