Білім

Оқушыларға өнеге таратты

«Мичурин» тұрғын алабындағы №10 көпшілік кітапхана мен №43 орта мектеп-қосымша білім беру орталығы кітапханашыларының бірігуімен «Қыз өссе – елдің көркі» кітабының авторы, ­«Қызғалдақ» қыздар клубының жетекшісі Әсел Қайратқызымен кездесу өтті.

«Әйел – ана, әйел – жар, әйел – қайраткер» тақырыбымен өткен кездесу барысында тәрбие, мінез туралы, салт-дәстүр, сұрақ-жауап айдары арқылы ұлттық нақыштағы ою үлгісіндегі киім, әшекейді дәріптеу сияқты ұлттық құндылықтар жайында әңгіме болды. №43 орта мектеп-қосымша білім беру орталығы директоры Н.Жағабаев кездесуді ұйымдас­тырушылар мен қонаққа алғыс айтып, аталмыш тұрғын алапта осындай тәрбиелік мәні бар шараларды өткізуді қолдайтынын жеткізді. 5-8-сынып оқушылары өз ойымен бөлісіп, көкейде жүрген сауалдарды қойды. Қос мекеме атынан Әсел Қайратқызына алғыс хат тапсырылып, «Қыз өссе – елдің көркі» кітабы автордың қолтаңбасымен кітапханаларға сыйға тартылды.

«Ертеңгі жастар – осы отыр­ған жеткіншектер. Олай болса білгенімізбен бөлісіп, дұрыс жол көрсету – міндетіміз» деді Әсел Қайратқызы.

Сондай-ақ жақында №10 көпшілік кітапхана №43 орта мектеп-қосымша білім беру орталығы бірігіп, «Астана – есірткісіз қала» айдарымен «Жаңа ғасырдың дені сау ұрпақтары» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісін өткізді. Ондағы бас­ты мақсат – жас ұрпақтың салауат­ты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әдеттерге әуес болуы өміріне қауіпті екенін ескерту.

Жиын барысында психолог маман Гүлнұр Жамбыл­қызы тренинг өткізіп, медбике кеңес берді. Әлеуметтік педагог Гүлнұр Қажымұратқызы ой-тренинг ұйым­дастырып, тақырып бойынша суреттер көрмесіне қатысқан оқушылар марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button