Жаңалықтар

Астанада күн райына байланысты дабыл қағылды

Қазгидрометтің мәліметі бойынша 2018 жылдың 6 наурызында Астанада көшпелі бұлт шығып, күндіз қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады деп күтілуде. Бұл туралы Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.

Оңтүстік- шығыстан оңтүстік-батысқа ауған желдің жылдамдығы таңертең 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с құрап, оның екпіні 23-28 м/с-қа дейін жететін болады. Түнде сынап бағанасы – 4-6 градус аязды, күндіз +3-5 градус жылылықты көрсетеді деп болжануда.

Сабақтың өткізілмейтіндігі жөніндегі шешім шығарылған жағдайда, ақпарат бекітілген алгоритмге сәйкес бірінші ауысымның оқушылары үшін сағат 06:15-те, екінші ауысымның оқушылары үшін сағат 12:00-де берілетін болады.

Ақпарат ресми интернет-ресурсында (bilim.astana.kz ) және Facebook әлеуметтік желісіндегі  Астана қаласы білім басқармасының парақшасында (https: //ww.facebook.com/bilimastana ) жарияланып, мектептердің жетекшілеріне, БАҚ-на таратылады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқарушылар қызметтің күшейтілген режиміне көшеді. Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын астаналық ТЖД-нің ұсыныстарын назарға алуды сұрайды:

– мұқият болыңыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

– желдің күшеюі кезінде ғимараттан шықпауға тырысыңыз;

– балаларды ерекше бақылауға алыңыз және қараусыз қалдырмаңыз;

– көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз. Егер қатты желде Сіз көшеде қалып қойсаңыз, ғимараттардың кіреберісін  және жер асты өтпе жолын паналаңыз;

– жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз.

– балконыңызға тексеру жүргізіңіз. Балкон қабырғасына жіппен байлау арқылы барлық жеңіл және көлемді заттарды бекітіңіз немесе бөлмеңізге кіргізіңіз. Әйнекті барынша сынудан қорғаңыз және терезе жақтауларын бекітіңіз;

– -жылыту пештері мен тұрмыстық жылыту құрылғыларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button