Ел тынысы

Елордада бағаны тұрақтандыру туралы брифинг өтті

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Астанада бағаны тұрақтандыру үшін қабылданатын шаралар туралы Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Жаңабаев Мақсат Қайратұлы мен Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ильясов Ғалымжан Молдабайұлының қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.     

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаның өсуін тежеу, тұрақтандыру және реттеу құралдарының бірі – баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды анықтау болып табылады. «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес ішкі сауда субъектілері ӘМАТ бағасын қоспағанда тауарлардың бағасын дербес анықтайды. 2023 жылғы 15 наурыздан бастап «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданып, оған сәйкес Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне сауда саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілеттілік берілді. Оның ішінде 204-4-бап бойынша ішкі сауда субъектісінің «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚРЗ белгілеген ӘМАТ-қа сауда үстемесінің 15% мөлшерін арттырғаны үшін. Бұл бап бойынша «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабын бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғалады және ішкі сауда субъектісі «Ескерту» түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін кіші кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, орта КС – 75, ірі КС – 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сауда комитеті мен Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінен келіп түскен мәліметтер бойынша осы жылдың 1-тоқсанында 32 кәсіпкер «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 1 218 000 теңге сомасына 8 айыппұл салынған. Бүгінгі таңда ӘМАТ бағасының өсуін тежеу үшін бюджеттен 13 млрд. теңге бөлінген. ӘМАТ-ның барлық 19 түрі бойынша 25 мың тонна өнімге келісімшарт жасалған. Бағаның көтерілу қаупі жоғары болғандықтан негізгі үлесті көкөніс өнімдері алып отыр. Қолданыстағы шарттар бойынша өткен жылғы 9 мың тонна көкөніс қоры бар. Мамыр-шілде айларына көкөністерді ерте жеткізу бойынша шамамен 1 350 тонна көлемінде қосымша келісімшартқа қол қою жоспарлануда. Бұдан басқа ағымдағы жылдың күзгі науқанына форвардтық келісімшартқа отыру үшін алдын ала шаралар қабылдануда. Бұл келесі жылдың маусымаралық бағасын тежеуге мүмкіндік береді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button