Жаңалықтар

Елордалар ендігі

АСТАНА. Қазақстан мен Ресей Федерациясы арнаулы қызметтері басшыларының халықаралық лаңкестікпен күрес саласында ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңес қорытындысында екі тарап ынтымақтастықтың одан әрі дамуына жалпы мүдделілік танытты және арнаулы қызметтердің стратегиялық әріптестігіне оң бағасын берді.
Нью-Дели. Үндістан Үкіметі кедей отбасыларын карточкалы жүйемен базалық азық-түлікпен қамтамасыз етудің бағдарламасын қабылдады. Тауарлардың арасында күріш, бидай және басқа да астық тұқымдастары бар. ВВС-дің жазуынша, азық-түлік кедейшіліктің тауқыметін тартып жүрген 800 млн тұрғынға таратылуы тиіс. Үндістанның ұлттық конгресс партиясының төрайымы Соня Ганди мемлекеттік дүкендерде бидай алу құқын беретін карточкаларды бір топ әйелдерге таратып үлгерді.
Эр-Рияд. Сауд Арабиясының ислам, уақф және уағыз-насихат ісі жөніндегі министрлігі елдің әр түкпіріндегі 635-тен астам мешітті қайта жөндеуден өткізбек. Бұл жоба король Абдалла ибн Абдель Азиза Аль Саудтың арнайы бағдарламасы шеңберінде жүзеге аспақ. Министр Абдулла бин Ибраһимнің айтуынша, бұл жобаға 134 миллион доллар қаржы жұмсалмақ.
Бразилиа. Бразилияда 2014 жылы футболдан өтетін әлем чемпионатының матчтеріне билеттерді сату басталады. Алдын ала өтінімдер халықаралық футбол федерациясының сайтында 10 қыркүйекке дейін қабылданады. ВВС-дің жазуынша, егер де нақты бір ойынға билетті сатып алуға ниеттілердің саны қолжетімді билет көле­мі­нен­ асып түссе, өтінімдер арасында лотерея жүргізіледі. Жалпы сатылымға бағасы 15 дол­лардан бастап (Бразилиядағы жергілікті жанкүйер үшін)1 мың долларға дейінгі (финалдық матчтың қарапайым билеті үшін) 3 миллионнан астам билет түседі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button