Жаңалықтар

Елордалық жастар әскерге аттанды

Нұр-Сұлтан қаласында «Ел тірегі – 2019» атты күзгі әскери қызметке шақыруға арналған дәстүрлі науқан өтті.Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл шараға әскерге баратын 1200 жасөспірім мен олардың ата-аналары қатысты. Әскерге шақыртылған жастар алдында
Нұр-­Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері және Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жауынгер-интернационалистер жылы лебіздерін білдірді. Сталинград шайқасына қатысушы Ахат Бекмәди жастарға әскери борыштың қасиеті, Отан қорғау шебінде жан кешкен аталары мен әкелерінің батырлығы туралы айтып берді.
Іс-шара барысында әскери көрме ұйым­дастырылып, Қорғаныс министрлігінің әскери ансамблі мерекелік концерт тарту етті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қыркүйек айынан бастап мерзімді әскери қыз­метке азаматтарды іріктеу және әскерге аттандыру науқаны жүргізіліп жатыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button