Мәдениет

Ержан елордада ән шырқайды

Жуырда Ресейдегі «Голос. Дети» жобасында өзінің көркем дауысымен тамаша өнер көрсеткен жас әнші Ержан Максим бас қалада жеке концерт береді.

Бұл ақпаратты Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі жеткізді. Оның айтуынша, талантты өреннің жеке концерті алдағы 28 маусымда «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Бұл кешті өткізуге Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетіп отыр.
Бүгінде аталған ән кешіне дайындық жұмыстары басталды. Ержан сахнада эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста ән шырқайды. Сондай-ақ онымен бірге танымал өнер жұлдыздары – Сәкен Майғазиев, Мөлдір Әуелбекова, Ренат Гайсин, Айқын Төлепберген өнер көрсетеді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button