Қала мен Сала

Есіл өзені тартылып барады

Елордада қоршаған орта жанашырлары Есіл өзенінің ластанып, суының азайып бара жатқандығына алаңдаушылық білдірді. Практикалық экологтар қауымдастығының басшысы Лаура Мәлікова Есіл суының тартылып, таязданып бара жатқаны бәрімізді алаңдатуы тиістігін айтады.

[smartslider3 slider=1121]

«2016 жылы қабылданған шешімге сәйкес, біз судың сапасына қарай 5 жіктеме топқа бөлеміз. Алғашқы 4 жіктемеге жататын суда адам шомылуға болады. Айтпақшы, Қазгидрометтің сайтында су бетінің интерактивті картасы бар. Оны кез келген адам қарап, таныса алады. Осы картада да Есіл өзені суының сапасы жіктеменің соңғы сатысында тұр. Сондықтан өзенге шомылуға тыйым салынды. Екінші бір үлкен мәселе – оның тартылып, таяздап бара жатқаны. Одан бөлек, өзеннің ластануы. Мойындау керек, бұл – адамның ісі, қалдық көп тасталады. ЛРТ-ның құрылысы кезінде Есіл өзеніндегі Беласар көпірінің жанында құрылыс және басқа да қалдық тасталды, соның салдарынан жағымсыз иіс пайда болды» деп мәселені ашық жеткізді Лаура Мәлікова. Оның айтуынша, еліміздің су кодексінде өзен маңында салынатын құрылыстың өзіндік ережесі жазылған және ол сақталуы тиіс.

Есіл бассейндік инспекциясының басшысы Серікжан Бекетаев бұл мәселенің бақылауға алынып, құзырлы органдарға хат жолданғанын айтады. «Есіл суының таяздану мәселесі бұған дейін де бірнеше рет көтерілді. Қалалық Экология департаменті аталған фактіні тексеріп, тіркеді. Біз өз кезегімізде құзыр­лы органдарға хат жолдадық, мәселе бақылауға алынды. Расымен, өткен жылы өзен тартылуы байқалды. Жалпы өзен суының азаюы оның сапасына да әсер етеді» деді ол. Басқосуға экологтармен қатар, қалалық әкімдік және құзырлы орган өкілдері қатысты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button