Мәдениет

Фариза ақынға арналады

25 желтоқсан – Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туған күні. Осы күнге орай Астанадағы Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназияда ақынның өнегелі өмірі мен шығармаларын насихаттауға арналған «Ақын жүрегіндегі елорда» атты еске алу кеші өтеді.

Ақынын ардақтаған алқалы жиынға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері, сондай-ақ Астанадағы зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, Фариза ақынның жолын қуып, өнерін жалғаған белгілі ақын бауырлары мен сіңлілері қатысады.

Айта кетейік, 2019 жылы елорданың сол жағалауындағы бір көше ақынның атымен аталса, 2021 жылы №77 мектеп-гимназияға Фариза Оңғарсынованың есімі берілген еді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button