Қала тіршілігі

Газ келіп, бейнет артта қалды

Биыл желтоқсан айында елорданың жеке секторындағы үйлерге газ келіп, алдымен әлеу­меттік нысандар газға қосылды.

Сондай-ақ «Көктал-2» тұрғын үй алабына да газ келіп, елді мекен халқының қуанышында шек жоқ. Олар газды қосу кезінде кездескен қала әкімі Алтай Көлгіновке алғыс білдірді.
– Аяз болса осы аймақ көк түтінге оранады. Көмір жағудың бейнеті көп әрі ол қоршаған ортаға зиян. Әсіресе біз сияқты жасы үлкен адамдар пештегі көмір оты сөніп қалмасын деп түнімен ұйықтамаймыз, көмір жағамыз. Бір жаққа баратын болсаң да пештің алдына байланып отырасың. Міне, қазір соның бәрі артта қалды. Қаншама шақырымнан әкеліп газ қосқан мемлекетке рақмет! – дейді елді мекен тұрғыны Ырыскүл Накупова.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button