Шаһар шежіресі

Гүлге оранған қала

Суретте 1972 жылдың маусым айы. Целиноград қаласының Мир (қазіргі Бейбітшілік) және Монин (қазіргі І.Есенберлин) көшесінің қиылысындағы гүл егу сәті.

[smartslider3 slider=3526]

Қаланы көріктендіру үшін жыл сайын көктем мен күзде қала тұрғындары осылай бір кісідей ұйымдасып, сенбілікке шығатын. Нәтижесінде 1971 жылы 30 мың шаршы метр гүл, ал 1972 жылы 70 мың шаршы метр гүл отырғызылған. Осы жылдарда қала көшелерінде 250 мың гектар алаң көгалдандырылып, гүлге оранған.

[smartslider3 slider=3527]

Бүгінде де Нұр-Сұлтан қаласының көшелері мен алаңдары гүлмен көмкеріліп, бас қаланың сәулеті мен сұлулығын арттыра түскендей.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button