Кенесары мерейтойына арнады

Астаналық велошабандоз, журналист, аудармашы Ернат Мелсұлы Кенесары ханның туғанына 220 жыл толуына арнап «Кенесары-220» велошеруін өткізді. Нұр-Сұлтан қаласындағы қазақтың соңғы ханының ескерткішінен жолын бастаған ол бір күн ішінде 220 шақырымды бағындырып, велошеруді Қарағанды шаһарындағы «Тәуелсіздік» стеласының алдынан аяқтады.
Тәуелсіздік үшін күресіп, құрбан болған қазақтың соңғы ханы – ұлы күрескер Кенесары ханның рухын ұлықтау, салауатты өмір салтын, белесебет мәдениетін, патриотизмді насихаттау мақсатында жолға шыққан велошабандоз 13 сағатта 225 шақырымды жүріп өтті.
Ендігі мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай алдағы күзде халықаралық велошеруге шығу, яғни ұлт ұстазын ұлықтау үшін Еуропаға барып қайту. Өткен қыста Алаш қайраткерінің мерейтойына орай Нұр-Сұлтан қаласында қысқы велошеруді өткізген Ернат Мелсұлы енді ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілетін мерейтойына үлесін қоспақ.