Жаңалықтар

Компьютердің құлағында ойнайды

«Цифрлы Қазақстан» бүгіннен басталады. Осылай деп шешкен «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі қалалық әкімдікпен, Ақпарат және коммуникация министрлігімен бірлесіп, бастауыш сынып оқушыларына бағдарламалау ісін үйретуді қолға алды. Қанатқақты жобаға 12 бастауыш сыныпта оқитын 373 оқушы қатысты.

2017-2018 оқу жылында енгізілген факультатив курсының нәтиже­ле­рімен танысу үшін №27 мектеп-лицейіне Астана қаласы әкімінің орын­басары Малика Бектұрова келді. Ашық сабақта бағдарламалауды жыл бойы меңгерген балалар өз жобаларын таныстырды. Ойындар, мультфильмдер және ІТ-жобаларды көріп болған соң, «Өздеріңіз білетіндей, алдыңғы бағдарламаға сәйкес информатиканы оқыту 7 сыныптан басталған болатын, оның өзі факультатив ретінде еді. Ал қазіргі бағдарлама ойын түрінде ұсынылған. Әлемде балалар бағдарламалау тілін скретч әдісімен үйрену үрдісі кеңінен таралып келеді. Бұл платформада оқушылар анимация арқылы мультфильм мен ойын құрастырып, клип түсіре алады» деді әкім орынбасары.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button