ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

Коньки тебу кімдерге тегін?

Нұр-Сұлтандағы «Тарлан» мұз айдынында мүгедектер күніне орай ерекше балаларға арналған «Көңілді старттар» отбасылық іс-шарасы өтті.
Іс-шараға 60-тан астам ерекше бала, сондай-ақ олардың ата-­анасы қатысты.

[smartslider3 slider=597]

«Біз жыл сайын ерекше балаларымыз үшін мүгедектер күніне арналған көңілді старттар өткіземіз. Басты мақсатымыз – бұқаралық спорт түрлерін дәріптеу, ерекше физикалық қажеттіліктері бар балаларды спортпен айналысуға тарту. Балалардың көбі үйінде отырады, сондықтан біз олармен танысып, жаңа достар табу үшін оларды әлеуметтендіруге тырысамыз» деді «Каспий» спортты дамыту қорының атқарушы директоры Абдусаид Назаров.
Эстафетаға қатысушылар бірнеше командаға бөлінді. Оның әрқайсында әр отбасыдан ата-ананың біреуі мен бір бала қатысты.
Кішкене кезінен көру қабілеті нашар ерекше балам бар. Жарысқа әпкесімен бірге қатысады. Мұндай іс-шараларды өткізу балалар үшін өте пайдалы. Кеше мен оған осында келетінімізді айтқанымда көзі қуаныштан жайнап кетті. Бізде балалар тегін жаттығулар жасай алатын оқу орталықтары бар болғаны өте жақсы. Бір жарым жыл бұрын біз «Тарлан» мұз орталығы туралы сол аналардан білдік. Сосын медициналық комиссиядан өтіп, рұқсат алдық. Аптасына бірнеше рет осы жерге келеміз» деп өз әсерімен бөлісті ерекше баланың анасы Альфия Хайназарова.
Тағы бір ана Жаңагүл Жапарова мұндай іс-шаралар ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар үшін де пайдалы екенін атап өтті.
«Біз мұнда бірінші рет келдік. Менің аутистикалық спектрлі балам бар, оған ойын терапиясы қажет, сондықтан біз барлық жерде жүруге тырысамыз. Мұндай іс-шаралар аналардың да ойын бөліп, сергіп қалуына жақсы әсер етеді. Бұл – ерекше балалар үшін жақсы бастама» деді ол.
Ұйымдастырушылар эстафетада жүлделі орындар болмағанын, қордан барлық командалар сыйлықтар алғанын атап өтті.
Айта кету керек, «Тарлан» мұз айдынында күн сайын ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдар үшін тегін негізде жаппай сырғанау өтеді. Олардың әрқайсысымен тегін қызмет көрсету туралы шарт жасалады.
«Мұнда біздің барлық келушілер қатысады. Біз жай ғана көңілді старттарды алдын ала жарияладық. Қормен келісім жасасу үшін біздің спорт дәрігерінің қарауынан өту керек. Содан кейін ғана дәрігер рұқсат береді. Біздің менеджерлер тұтынушымен келісімшарт жасайды, секция түрлерімен таныстырады және абонемент беріледі. Мұнда біз спорттың үш түрін дамытамыз: следж-хоккей, сурдо-хоккей, жаппай тегін сырғанау» деп түсіндірді Абдусаид Назаров.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button