Мәдениет

Күй – ғұмыры, ұстаздық – тұғыры

«Астана Опера» театрында күйші-ұстаз, фольклортанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтжан Тоқтағанның 75 жасқа толуына арналған «Күй – ғұмырым, ұстаздық – тұғырым» атты шығармашылық кеші өтті.

[smartslider3 slider=799]

Кешті күйшінің өзі бастап беріп, артынша Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрғиса Дәуешов министр Ақтоты Райымқұлованың құттықтауын оқып берді. Күйшінің туған жерінен Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқа­лиев пен осы облыстың Жәнібек ауданының басшысы Азамат Сафималиев жолдаған лебіздер оқылды. Кеш иесінің «алтын бесігі» атынан сый-сыяпат жасалды. «Күй анасы» қоғамдық қорының жетекшісі Төлеген Қуанышев құрмет көрсетті.

Кеш атауы айтып тұрғандай, Айтжан Тоқтағанның бір қыры күйшілік болса, екіншісі – ұстаздығы. Шәкірт тәрбиелеп келе жатқанына жарты ғасырға жуықтады. Өзі оқып бітірген Құрманғазы атындағы консерваторияда, А.Жұбанов атындағы музыкалық орта мектеп-интернатында, Қазақ ұлттық өнер университетінде, Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылар мен жастарды күй өнеріне баулыды. Шәкірттерінің алды қазір өнердің белгілі өкілдеріне айналды.

Солардың атынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Рухия Батыршиева мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев сөз алып, ұстаздарын мерей­тойымен құттықтады. Артынша алғашқысы жырдан, екіншісі күйден шашу шашты. Басқа да шәкірттері өнер көрсетіп, кешті күй мерекесіне айналдырды.

Жалпы осы кеште барлық күй мектептері қамтылды деп айтуға болады. Күй атасы – Құрманғазының, күй анасы – Динаның, Қазанғаптың, Тәттімбеттің, Сүгірдің, басқа да күй өнерін қалыптастырған, өнерде өшпес із қалдырған күйшілердің күйлері орындалды.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button