Мәдениет

Квартеттің концерті

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті «Уақыт ішектері» концертін ұсынды.

Концерт XIX-XX ғасырлардағы квартет классикасына арналған. Онда әлемге әйгілі классик композиторлар Людвиг ван Бетховен мен Дмитрий Шостаковичтің шығармалары орындалды. Өнер ұжымы Бетховен шығармаларын құрылған уақыттан насихаттап келеді. Жаңа жанрды игере отырып, композитор Гайдн мен Моцарт жасаған үлгілерге сүйенді. Бетховеннің алғашқы квартеттерінің музыкасы осы композиторлардың әсерін көрсетіп, Бетховенге тән музыканы қамтиды. Композитор өзінің алғашқы квартеттерін қорғаушысы, Венаның бай меценаты, князь Франц Йозеф Лобковицке арнады. Концерт бағдарламасында № 2 ішекті квартеті орындалды.

Концерттің екінші бөлімі Дмитрий Шостаковичтің шығармасын қамтыды. Композитор № 5 симфония мен «Мценск оязының Макбет ледиі» операсын жазғаннан кейін квартет жанрына шебер ретінде бет бұрды. 1964 жылы жазылған № 9 ішекті квартет композитордың әйелі Ирина Шостаковичке арналған.

Кештің соңы екі дәуірдің үнін бүгінге дейін халық жүрегінде жаңғыртып, тарихтың қасіреті туралы баяндайтын «Самал тау» атты қазақтың халық әні және Сүгірдің «Аққу» күйі толықтырды.  Ұлттық нақыштағы туындылар Ә.Сағымбаевтың ішекті квартетке арналған өңдеуінде орындалды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button