Мәдениет

Мәдениет мамандарын марапаттады

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы айтулы күнге орай «Жастар» театрында елордадағы өнер шаңырақтары басшыларының қатысуымен «Мәдениет саласының жетістіктері мен өзекті мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Жиынды «Жастар» театрының директоры Ернар Жұматаев ашып, мәдениет қайраткерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Одан кейін Мәдениет және спорт басқармасының бөлім басшысы Оразхан Сәдуақасова бас шаһардың өнерінің дамуына зор үлес қосып жүрген бір топ сала мамандарын алғыс хатпен марапаттады.
Дөңгелек үстелде мәдениет саласының кейбір өзекті мәселелері де айтылды. Сәкен Сейфуллин музейінің директоры, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа­ты Несіпбек Айт­ұлы елімізде мұражай, театр, кітап­хана қыз­меткерлерінің жалақысы тым төмен екендігін, олардың еңбек­ақысы 50-60 мың теңге көлемінен аспайтындығын жеткізді. Жиын барысында президенттік сайлау тақырыбы да сөз болды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button