Ел тынысы

Мадридтегі жиында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылды

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Испанияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – СЕУ Сан-Пабло университетінде өткен «Орталық Азия мен Әзірбайжанға испан инвестицияларының жолдарын ашу» конференциясында сөз сөйледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Іс-шараға сауда жөніндегі Мемлекеттік хатшының өкілі Мария Пенья, Әзірбайжанның Испаниядағы Елшісі Рамиз Хасанов, Өзбекстанның Испаниядағы Елшісі Фарух Турсунов, «Airbus» компаниясының Вице-президенті Хосе Луис Де Мигель, Сыртқы істер, Еуропалық Одақ және ынтымақтастық министрлігінің, Испанияның іскерлік ұйымдар конфедерациясының (CЕОЕ), ғылыми топтардың өкілдері, сондай-ақ студенттер қатысты.

Қазақстан Елшісі өз сөзінде Испания Қазақстанның ЕО-дағы негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылатынын атап өтіп, еліміздегі шетелдік инвесторларға арналған преференциялар, әлеуметтік-экономикалық даму, іскерлік ахуал, сондай-ақ Республиканың транзиттік әлеуеті туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қазақстандық дипломат мемлекеттің экономикалық жетістіктеріне тоқталды. Атап айтқанда, қатысушылар 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ-нің 5,1%-ға өсуі туралы, сондай-ақ Қазақстан экономикасына қатысты қаржы институттарының болжамдары туралы ақпаратты оң қабылдады.

Сонымен қатар қатысушыларға қазіргі саяси және экономикалық сын-қатерлерді талқылау үшін маңызды алаңға айналған 2024 ж. 13-14 маусымда жоспарланған Астана халықаралық форумы туралы ақпарат жеткізілді.

Өз кезегінде, М. Пенья Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі факторларын егжей-тегжейлі талдап, еліміздегі реформаларға жоғары баға берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан – халықаралық қатынастардағы сенімді серіктес, Орталық Азияның жетекші экономикасы болып табылады.

Конференция соңында қатысушылар арасында тікелей пікір алмасу өтті.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button