Жаңалықтар

Мерекелік медальмен марапатталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен 150 медицина қызметкері Конституцияның 25 жылдық мерекелік медалімен марапатталды.

Мерекелік салтанатты жиында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еңбегі бағаланған медицина қызметкерлерін наградаларымен құттықтап, еліміздің конс­титуциялық дамуының бірегей тұжырымдамасын қалыптас­тыруда Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор екендігін атып өтті. Еліміздің басты Заңы Елбасының институционалдық реформалары мен саяси бастамаларын қамтитынын еске салды. «Конституциямызда адам, оның өмірі, құқығы мен бостандықтары сынды ең жоғары құндылықтар бекітілген және азаматтардың мүддесіне қызмет етеді.
Еліміздің негізгі Заңы халықтың денсаулық сақтау сынды басты құқығын қорғайды. Басты құқықтық құжаттың 29-бабында азаматтардың тегін кепілдендірілген медициналық көмек алу құқығы бекітілген» деп атап өтті министр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button