Білім

Мұғалімдерге – марапат

Кеше Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Талғат Рахманберді  аудандағы білім мекемелерінің педагогтарын төл мерекелерімен құттықтап, оларға «Құрмет» грамоталарын тапсырды. 

img_6995

Аудан әкімі Павел Кулагиннің атынан марапатқа ие болған мұғалімдердің ішінде әр мектептен іріктелген жиырма бес мұғалім бар. Талғат Рахманберді білім саласында жүрген мамандардың еңбегін жоғары бағалап, оларға сәттілік тіледі. «Ұстаз – баланың екінші ата-анасы. Ол оқушыларға білім мен тәрбие беріп қана қоймай, шәкірттерді адамгершілік қасиеттерге, ізгілік пен инабаттылыққа тәрбиелейді. Жақсы мұғалім қашанда шәкіртінің жадында сақталады. Кез келген адам мектеп табалдырығын аттаған алғашқы сәті мен білім нәрімен сусындатқан ұстаздарын есінен шығармайды. Сондықтан осындай ұлағатты мамандықтың тізгінін ұстаған сіздерге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз» деді аудан әкімінің орынбасары.

Төл мерекелерінде өздерін елеп-ескерген аудан әкімдігіне мектеп мұғалімдері де алғыс білдірді. «Біз үшін Мұғалімдер күні – ерекше мереке. Біздің алдымызда үлкен жауапкершілік тұр. Әсіресе, астаналық ұстаздарға артылар сенім үлкен. Сондықтан елдің болашағын тәрбиелеу жолындағы қадамдарымыз әрқашан сәтінен болсын!» деді №7 мектеп-гимназиясының мұғалімі Галина Цветинская.

Мәдина ЖАКЫП

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button