Мәдениет

Музейдегі сурет сабағы

Ұлттық музейде «Суреттер сыр шертеді» атты музейлік сабақ өтті. Іс-шараға қатысқан №2 өнер мектебінің оқушылары сурет салып, арнайы дайындалған түрлі тапсырманы орындады.

Сабақтың мақсаты – оқушыларға бейнелеу өнері туралы мағлұмат бере отырып, отандық қылқалам шеберлерінің жұмысын насихаттау. Оның барысында Ұлттық музейдің өнертану бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Маржан Мұсатай оқушыларға бейнелеу өнерінің қалыптасу тарихы мен қылқалам шеберлері, олардың жұмысы жайлы баяндады. Балалар әйгілі кескіндемеші, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі – Әбілхан Қастеевтің өмір жолымен, хас шебердің музей қорында сақталып тұрған туындыларымен танысты.

Сондай-ақ Ұлттық музейде Қазақстан Суретшілер одағының 90 жылдығына орай мерейтойлық халықаралық көрмеге қойылған шетелдік суретшілердің туындыларын музей қорына тапсыру рәсімі өтті. Барлығы 15 суретшінің 18 картинасы тапсырылды.

Жалпы Қазақстан Суретшілер одағының 90 жылдығына арналған халықаралық көрме отандық суретшілермен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Грузия, Литва, Украина, Беларусь, Молдова, Бурятия, Канада елдерінің 226 қылқалам шеберін біріктіріп, 270-тен астам туынды ұсынылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button