Жаңалықтар

Наурызды «Жағалау» тұрғындарымен тойлады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында қаланың төрт ауданын аралап, жұртшылықпен кездесті.

Атап айтсақ, шаһар басшысы Қазақ елі алаңында, «Өндіріс» және «Көктал-2» тұр­ғын алабында болып, думандатқан халықтың қуа­нышын бірге бөлісіп қайтты. Мұнымен қоса, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевпен бірге «Жағалау» шағын ауданындағы нау­рыз мейрамына қатысып, ақсақалдардың батасын алды. Мұнда да жиналған көпшілік мерекелік бағдарламаларын ұсынды. Қазақша күрес, қол күресі, арқан тарту, асық ату, гір көтеру сайыс­тары ұйымдастырылып, бауырсақ пен наурыз көже таратылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button