ЖаңалықтарМәдениет

Өлең өлкесіне сапарлады   

Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасының қолдауымен, «Qazaq olenderi» ұжымының ұйымдастыруымен Музыкалық жас көрермендер театрында «Qaursyn galam» атты поэзия кеші өтті. Мәдени кеш Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

[smartslider3 slider=422]

Кештің мақсаты – қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту және әдеби шығармалардың, соның ішінде поэзия мен прозаның жастар арасында кеңінен тарап, дамуына үлес қосу.
Кеш барысында Мұқағали Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Жұматай Жақыпбаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әли, Жұмекен Нәжімеденов, Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Күләш Ахметова, Есенғали Раушанов сынды көрнекті ақындардың, қазіргі жас буынның өлеңдері оқылды. Театрландырылған көріністер арқылы көрермендер Отан, туған жер, махаббат, сезім, сағыныш, достық, ата-ана тақырыбындағы сырлы да сиқырлы поэзия әлеміне саяхаттап қайтты.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button