Елорда тынысы

Орталық алаң ажарланады

Экологияны жақсарту және қала тұрғындары үшін қолайлы орын жасау үшін биыл елорданың барлық ауданында ауқымды көгалдандыру жұмыстары жалғасады. Бұл туралы елорданың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы мәлім етті.

[smartslider3 slider=2573]

Қалалық орталық алаңында 12 метрлік шырша отыр­ғызылды. Алдағы уақытта 100-ге ағаш, 7000-нан астам көпжылдық бұталар отырғызу жоспарлануда. Көгалдандырудың жалпы ауданы – 1330,4 м2. «Қалалық урбанистика орталығының жетекшісі Ельнар Базыкеннің айтуынша, қалада табиғаттың тірі бұрыштары құрылған кезде экоурбанизм қағидалары қолданылады. Осылайша, алаң елорданың жасыл оазисіне айналады деп күтілуде» делінген хабарламада.

Бүгінде алаңда орындықтар, шамдар, көлеңкелі шатыр орнатылған.

Былтыр Нұр-Сұлтанда миллионнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button