Елорда тынысы

Техникалық жағдайы нашар

«CTS» компаниясындағы кездесуде велошэринг пен велоқоғамдық қозғалысты дамытудың артықшылықтары туралы елордалық мәслихат депутаттарына ақпарат берілді. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов жазды.

[smartslider3 slider=2572]

Жиында айтылғандай, 2020 жылдан бастап компания велосипедтерді жалға беру қызметін жақсарту бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Ең алдымен, бұл – онлайн-режимге көшу және пайдаланушылар мен велошабандоздар санының артуына ықпал еткен сервисті пайдалануды жеңілдету. ЖШС басшылығы велосипедтерден басқа, елорданы толық қамту үшін велосипедті жалға беру станцияларының санын арттыру қажеттігін атап өтті.

«CTS» өкілдерінің айтуынша, қосымша 85 станция қажет. Веложалға беру сервисіне қатысты жүргізілген сауалнамаларға сәйкес елорда тұрғындары мен қонақтарының көпшілігі велосипедтердің техникалық жағдайына қанағаттанбайды. Бұл жағдай жыл сайын нашарлай түсуде.  Мысалы, 2020 жылғы маусымда жалға берілетін велосипедтердің 2343 рет сынуы тіркелді, келесі маусымда сынған көліктер саны 10 мыңнан асып, 5 есеге жуық өсті. Осы және басқа да мәселелерді астаналық мәслихаттағы отырыстардың бірінде қарастырамыз» деп түсіндірді Е.Каналимов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button