Мәдениет

Отанын мақтан етеді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде балалар арасындағы «Менің Отаным – Қазақстан» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.

Аталған байқау ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ҚХА қолдауымен және «Юнчи» дүнген этномәдени орталығының ұйымдастыруымен өтті. Ондағы мақсат – қазақ тілі мен поэзиясына қызығушылықты арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Байқауға этномәдени орталықтың 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалары қатысып, қазақ тілінде өлең оқып, әр қатысушы жақсы өнер көрсетті. Кеш соңында Нұр-Сұлтан қаласы «Юнчи» этномәдени орталығының төрайымы Зульфия Муханзаева барлық қонақтар мен қатысушыларға алғысын білдіріп, балалардың қазақ тілін меңгерудегі құлшыныстарын атап өтіп, мемлекеттік тілді үйренуге шақырды.
Байқау қорытындысы бойынша кіші топта 1-орынды Амира Хава, 2-орынды Эльвира Идырова, 3-орынды Айлин Марасулова, үлкен топта 1-орынды Алишер Идыбо, 2-орынды Абдрахман Идыбо, 3-орынды Ринат Идыров иеленді.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button