Мәдениет

Ұлттық музыка салтанаты

Таяуда ғана көрнекті композитор, Қазақстанның және КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевтің аты берілген елорданың мемлекеттік академиялық филармониясы «Назқоңыр» атты концерт өткізді. «Астана» концерт залында өткен кешті өнер ошағының «Халық әні» бөлімі ұйымдастырды.

[smartslider3 slider=596]

Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ даламызда қазақ музыкасы өңірлік және орындаушылық ерекшелігіне қарай батыс әншілік мектебі, Жетісу ән мектебі, Сыр бойының әншілік мектебі, Арқа әншілік мектебі және Алтай, Тарбағатай мектебі болып бөлінеді. Мәселен, батыста Мұхит Мерәліұлы бір мектеп қалыптастырса, Жетісуда Жамбыл мен Кенен, Сыр бойында Нұртуған, Тұрмағамбет сынды ұлттық музыканың алыптары өмір сүрді. Арқада Ақан сері мен Біржан сал, Алтайдың бергі жағы мен арғы жағында небір дүлдүлдер өткен. Кеште осы мектептердің барлығы қамтылды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Қосанова, Гүлзира Бөкейхан, Гүлмира Сарина, Мәдениет қайраткері Секен Сыздықов, филармонияның «Халық әні» бөлімінің көркемдік жетекшісі Тельман Нұркенов, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Сәулежан Тағзия, Өзгеріс Шерікбай, Перизат Тұрарова, Айгерім Нартүйе, Жандос Иманбай, Данияр Мұқан, Айнұр Қонысбаева, Айдос Оңғарбай, Жақсыгелді Маясаров, Елбол Қуанбек, Бауыржан Нұрмұханов, Нұржан Меирхан, Оспан Құлсымақ, Айбала Бейсенова, Алуа Қалымбекова әсем әндерді әуелетті.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button