Жаңалықтар

Өжет өрендер

  Қырағылығы және белсенді азаматтық ұстанымдары үшін полиция департаменті басшылығының атынан Нұр-Сұлтан қаласындағы №27 және №37 орта мектептердің оқушылары Ділнұр Амангелдиев пен Данияр Асқаров алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды. 

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Шарибаев бүгінгі күннің батырларын құттықтап, олардың ата-аналары мен мұғалімдеріне алғыстарын білдірді.
12 маусым күні сағат 20.00-де Уәлиханов көшесінде орналасқан бір аулада араққа тойып алған азамат кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қару кезеп, олардың зәресін алған. Бұл жағдайды полицияға кәмелетке толмаған екі азамат дереу хабарлаған. Патрульдік полиция полкінің қызметкері полиция аға сержанты Руслан Шмидт балалар көрсеткен орынға тез арада жетіп, қару ұстаған мас адамды ұстаған болатын.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button