Ел тынысы

Пойыздар ұлттық нақышта безендірілді

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды безендірілген пойыздармен, ұлттық тағамдармен және сазды әуенмен қуантты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Наурыз мейрамы қарсаңында елордалық вокзалдардың перронынан №3/4 «Астана-Алматы», №85/86 «Астана-Шымкент» және №7501/7502 «Астана-Павлодар» бағыттары бойынша этникалық стильде безендірілген пойыздар рейске шықты. Жолаушыларды ұлттық киім киген жолсеріктер қарсы алды.
Ісшара барысында жолаушылар мен шығарып салушылар үшін қазақ халқының мәдениетінің басты символы-домбырада музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әрбір жолаушыға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын еліміздің ұлттық тағамдары «наурыз көже» мен «бауырсақ» ұсынылды.
«Елімізде аталып өтетін мерекелермен жолаушыларды құттықтау компанияның дәстүрінің маңызды құрамдас бөлігі. Айта кетейік, «Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясы жыл сайын жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, пойыздарды ерекше стильде безендіруді әдетке айналдырған», – деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов.
Этникалық стильдегі пойыздар 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін жүреді.
Айта кетейік, бұл мерекелік акция еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі. Компанияның жолсеріктері мен қызметкерлері пойыздардың ішінде және перрондарда барлық жолаушыларды Наурыз мейрамымен құттықтайды!

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button