Ел тынысы

Байқоңыр ауданында Наурыз қалай тойланады?

Астанада 21-22 наурыз күндері 2 күн қатарынан Байқоңыр ауданының барлық аумағында әз-Наурыз мейрамы тойланады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ауданның орталық саябақтарында (Ататүрк саябағы, «Қаламгерлер» аллеясы)  киіз үйлер тігіліп, қазақ ауылдары бой көтереді. Келушілер мерекелік концерттік бағдарламалар тамашалап, қазақ күресі, арқан тартыс, гір көтеру, асық ату секілді ұлттық спорт түрлерінен күш сынасады. Ұлттық ойындарымыздан бөлек, салт-дәстүрлерімізді жаңғырту мақсатында қазақы әдет-ғұрыппен көріністер көрсетіледі. Әз-Наурыз нақышы көріністерімен арнайы фотозона да ұйымдастырылады. Аталған мерекелік шаралар ауданның шет аймақтарындағы «Өндіріс», «Кирпичный», «Казгородок» тұрғын алаптарында және «Қоянды» саяжай алқабында да өткізілмек. Аталған алаптарда да киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылады. Алаңға келушілер ұлттық ойындардан күш сынасып, мерекелік концерт те тамашалай алады.
21-22 наурыз
 «АТАТҮРК» саябағы – Ж. Ташенев көшесінің бойы
Сағат 13.00-15.00 аралығы
21 наурыз
«ҚАЛАМГЕРЛЕР» АЛЛЕЯСЫ – Абай даңғылы-Сембинов көшесінің қиылысы
Сағат 12.00-15.00 аралығы
21 наурыз
 «КАЗГОРОДОК» – №55 мектеп аумағы
Сағат 14.00-16.00 аралығы
21 наурыз
СМП – Жезкиік, 19 аумағындағы орталық алаң
Сағат 17.00-19.00 аралығы
21 наурыз
СМП – Кеншілер, 5 аумағындағы орталық алаң
Сағат 12.00-14.00 аралығы
21 наурыз
 «ҚОЯНДЫ» саяжай алқабы
Сағат 12.00-14.00 аралығы
22 наурыз
 «ӨНДІРІС» тұрғын алабы – Ақбидай көшесі, 6 аумағындағы орталық алаң
Сағат 13.00-15.00 аралығы
22 наурыз
 «КИРПИЧНЫЙ» тұрғын алабы – Жолымбет-Чехоев көшесі қиылысындағы орталық алаң
Сағат 12.00-14.00 аралығы
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button