Құқық

Айып тұрағына жеткізілді

Қалалық Әділет департаменті Астана қаласы бойынша жеке сот орындаушылар өңірлік палатасымен және Полиция департаментімен бірлесе отырып «Борышкер» рейдтік шарасын өткізуде.

Әділет департаменті баспасөз қызметінің хабарлағанындай, аталған рейдтік шара барысында, 4 наурыздан 14 наурыз аралығында алимент бойынша берешегі бар борышкерлердің автокөліктерін айып тұрағына қою бойынша шаралар қабылданып, нәтижесінде күні бүгінге жалпы сомасы 23 075 219 теңге алимент берешектері бар борышкерлердің 10 автокөлігі ұсталып, айып тұрағына қойылды.

«Жеке сот орындаушылармен аталған автокөліктерді бағалау, сауда-саттыққа шығару жұмыстары жүргізілетін болады. Аталған рейдтік шара бойынша алдағы уақытта да борышкерлердің мүлкінен өндіріп алу бойынша шаралар одан әрі жалғасатын болады» делінген Әділет департаменті таратқан хабарламада.

2024 жылдың басынан бері Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушыларының әкімшілік хаттамалар негізінде Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен алимент санаттары бойынша 38 борышкер ҚР ӘҚБтК 669-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 8 борышкер 2-ден 5 тәулікке дейін қамауға алынып, қалғандарына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен алимент төлемдерінен қасақана жалтарған 2 борышкер ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қалалық Әділет департаменті Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен және «Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-мен бірлесіп «Бос орындар жәрмеңкесі» іс-шарасын өткізуде. Мұндай іс-шаралар алимент төлемдері бойынша борышкерлерді белсенді әлеуметтік өмірге икемдеуге бағытталған.

Динара Ордабаева

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button