Ел тынысы

Қазақстандық делегация Метан бойынша жаһандық форумға қатысуда

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Ж.Әлиев бастаған қазақстандық делегация 18-21 наурызда Женева қаласында өтетін 2024 Метан жөніндегі жаһандық форумға қатысуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы 28-ші конференциясында Метан бойынша жаһандық міндеттемеге қосылды, ол 2030 жылға қарай метан шығарындыларын 2020 жылғы деңгейден 30%-ға алқалы түрде қысқартуды болжайды. Форум барысында Ж. Әлиев БҰҰ ЕЭК сарапшылар тобының шахталық метан және әділ ауысу жөніндегі 19-шы сессиясы шеңберінде Метан бойынша жаһандық бастаманың (GMI) көмір шахталары жөніндегі кіші комитетінің іс-шарасында сөз сөйледі. Сөз сөйлеу барысында Қазақстанның көмір саласының ағымдағы дамуы және осы саладағы метан шығарындыларын азайту жөніндегі алдағы жоспарлар туралы баяндалды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button