Шаһар шаруашылығы

Қаланы қалың қар басты

Елордада бір тәулікте бір айлық қар жауды. Қазгидрометте елордадағы ауа райы туралы айтылды.

[smartslider3 slider=1117]

«24 қарашадан 25 қарашаға қараған түні Нұр-Сұлтанға 25 миллиметр қар жауды. Қардың биіктігі 28 сантиметр болды. Елордада қарашада жауған жауын-шашын мөлшері – 28 миллиметр, демек, бір тәулікте еліміздің бас қаласына бір айлық жауын-шашын болған, қар әлі де жауып жатыр» деп хабарлады Қазгидрометтің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанда коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді. 25 қарашада қар тазалауға 1300-ден аса арнайы техника мен 1900 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 1 қарашадан бастап 150 мың текше метрден аса қар тазаланды. 24 қарашадан 25 қарашаға қараған түні 25,5 мың текше метрден аса қар шығарылды. КамАЗ-дармен 14 мыңнан аса рейс жасалған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button