Ел тынысы

Қар тазалау қарқынды жалғасуда

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы ауысымдық режимде жұмыс істейді. 29 наурыз күні таңертең қала бойынша қар тазалау жұмыстарына мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

29 наурызға қараған түні коммуналдық қызметтер елордадан 219 рейспен 2,7 мың текше метрден астам қар шығарды.

29 наурыз күні таңертең қар тазалауға 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс басынан бері қар полигондарына 500 мыңнан астам рейс, 6,7 миллион текше метрден астам қар шығарылды.

Айта кетейік, қалада қар мен мұзды жинау тәулік бойы ауысымдық режимде жүргізілуде. Бірінші кезекте орталық көшелер, жолаушылар көлігі маршруттары, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button