Жаңалықтар

Қауіпсіз тағамды таңда

7 маусым – Тағам қауіпсіздігі күніне орай Астана қаласы Қоғамдық денсаулық қорғау департаменті «Шапағат», «Шанхай», «Көк» базарлары сияқты қаланың бірқатар сауда орталықтары мен балабақшаларда және мектеп жанындағы лагерьлерде түрлі шаралар өткізді.

Сауда орталықтарындағы шара барысында келушілер сатып ал­ған азық-түлік тауарларын зертханалық тексерістен өткізді. Мамандардың мәліметінше, биылғы бес айда зертханалық тексеріске 1836 сынама алынған. Алайда оның 18 пайызы нормативтік көр­­сеткіштермен сәйкес келмеген. Кейбірінде тауарларды таңбалау жөнінде мәселелер туындаса, енді бірінде микробтар көп болып шыққан.
– Шараның мақсаты – сатып алушыларға кез келген тағамның сапасын, тазалығын, нитраттардың құрамын білуге мүмкіндік беру. Егер пісірілген өнім болса, тамақ дайындау дәрежесі тексеріледі. Егер азық-түлік сапасы талапқа сай болмаса, өнім жеткізушілерге қайтарылып, акт жасалады. Сатып аларда алдымен өнімнің қаптамасына, таңбалануына, сақтау уақытына назар аудару қажет, – дейді Қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің жетекші маманы Әсел Аманова.
Ал балабақшаларда балғындарға пайдалы және қауіпті тағамдардың түрлері туралы айтылып, түрлі ойындар ұйымдас­тырылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button