Жаңалықтар

ҚАУІПСІЗДІК ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі таяп қалды. Соның қарсаңында Астанада 10 мен 31 мамыр аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы өтуде. Бүгінге дейін шара аясында құқық қорғау мамандары көші-қон заңнамасын бұзған 2 363 шетелдікті анықтап, 1130 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартып, 198 адамды елден шығарып үлгерді.

90_main

Тәртіптік шара шеңберінде бас қаланың құқықтық қауіпсіздігі толықтай бақылауға алынған. Елорда әкімдігінде арнайы штаб жұмыс істейді. Оған тиісті мекемелерден жауапты тұлғалар тартылған.
– Он күн ішінде біраз жұмыс­тар атқарылды. Қылмыс жасап іздеуде жүрген 28 адам ұсталды. Оның 6-ы халықаралық іздеуде болған. Сонымен бірге бас қалада тіркеуде тұрған 1079 қару иелерін қайта тексеруден өткізіп, заңсыз сақталған 32 қаруды анықтадық. 17 кг есірткі тәркіленді. Он күн ішінде 421 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, тұрғылықты мекен-жайы жоқ 329 адам қаладағы бейімдеу орталығына жіберілді. Тіркелмеген діни ұйымдардың кітаптарына байланысты 4 факті тіркелді. Қысқасы, шара әлі жалғасуда, – деді Астана қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Госман Жакин.
Сондай-ақ, шара барысында құқық қорғау қызметкерлері жезөкшелікпен айналысатын 200 азаматшаны анықтаған. Солардың ішінде қалада тұрғылықты тіркеуі жоқ қыздарды үйлеріне қайтарған. Жиынды құқық қорғау органдарының жауапты мамандары елорда тұрғындары мен қонақтарын құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды жеткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button