ЖаңалықтарМәдениет

 Қазақ қызы қандай болу керек?

Астанада «Қазақ қызы» байқауы өтті. Өнерлі де, өнегелі бойжеткендер бес атылым бойынша сайысқа түсті.

????????????????????????????????????
????????????????????????????????????

    – Бүгінгі бойжеткендердің арасынан нағыз қазақ қызын табуға талпынған әрекетіміз табысты өтті. Байқау барысында инабатты қыздардың зерделі болып келетініне көзіміз жетіп, олардың он саусағы майысқан ісмерлігіне де тәнті болдық, – деп атап өтті осы байқауды ұйымдастырушылардың бірі  Қазақстан әйелдері ассоциациясының  төрайымы Гүлнара Баимбетова.

    Қазылар қыздардың ана тілінде сөз саптауы мен өз ойын жеткізудегі  білігін  де сынады.  Байқауға қатысушылардың «мен қазақтың қызымын» деп топ жарып, ұлттық киім үлгісін көрестіп, көпшілік алдында өздерін ұстай білу  мәдениеті де назардан тыс қалған жоқ.

Олардың ұлт тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін қаншалықты білетіні де ортаға салынды. Қыздар күнделікті тұрмыста атауы жиі қолданылмайтын, бірақ мағынасын жоғалтпаған «бастаңғы», «ерулік», «асар» сияқты қонақжайлылықтың шарттарымен таныстырды. Қолөнерімен бірге аспаздық шеберлік қазіргі жастарға да таң емес екен. Жарысқа түскен жастар іс тігу, кесте тоқу, құрақ құрау секілді жұмысты да бір кісідей дөңгелетіп әкетеді екен.

Байқауды ұйымдастырушылардың бірі «Әйелдер – ұлт болашағы үшін» ҚБ басшысы Жанна Бороздина байқаудың жаңа форматта өтіп жатқанын, отбасылық дәстүрлерді жандандырып, қыздарымыздың қоғамдық өмірге  белсенділігін арттыруға бағытталғанын айтты.

Жаңалығы бар жарыстың нәтижесінде 100 қыздың ортасынан таңдап алған 17 қыз мәреге жетіп, оның бесеуі жеңімпаз атанды. «Инабатты қыз» номинациясы бойынша Жанерке Тынышбаева үздік шықса, Арайлым Советжан «Өнерлі қыз» атанды, «Ісмер» – Зумрат Қайроллаева, «Зерделі» – Айым Дәуіт, «Тіл шебері» – Гауһар Кішірбаева, ал Дана Еламанова бас жүлде – «Қазақ қызы» титулына ие болды.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button