Басты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен телефон арқылы сөйлесті

Пан ги Мун

Әңгіме барысында БҰҰ Бас хатшысы Елбасын 28 маусымда Нью-Йоркте өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігі сайлауындағы Қазақстанның айқын жеңісімен құттықтады.

Пан Ги Мун дауыс берудің нәтижесі Қазақстан Президенті жүргізіп келе жатқан еліміздің белсенді әрі сындарды сыртқы саясатына берілген жоғары баға екенін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы бұл оқиға Қазақстанның ғана емес, бұған дейін БҰҰ-ның осындай негізгі органына өкілдік етіп көрмеген бүкіл Орталық Азия өңірінің табысы екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне еліміздің мүшелігін бүкіл әлемдік қоғамдастық мүшелері алдындағы зор жауапкершілік ретінде қабылдайтынын мәлімдеді.

akorda.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button