Мәдениет

Қоржында – қос алтын

Қазақстанның жасөспірім ауыр атлеттері Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші алтын медальді жеңіп алды.

[smartslider3 slider=3540]

67 келі салмақта сынға түскен Әлішер Байбұров 17 жасқа дейінгілер арасында чемпион атанды. Ол серпе көтеруде үш мүмкіндіктің екеуін сәтті пайдаланып, сайысты 134 келімен қорытындылады. Ал жұлқа көтеруде 155 келі зілтемірді еңсеріп, қоссайыс қорытындысында алтын медаль иегері атанды.

Осыған дейін Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтынды 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 73 келіде сынға түскен Едіге Емберді түсірген болатын. Сондай-ақ ол серпе көтеруде және қоссайыс қорытындысы бойынша жастар арасындағы Азия рекордын жаңартқан еді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button