Елорда тынысы

Қосалқы станция құрылысы неге созылып кетті?

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының отырысында мәслихат хатшысы Ерлан Каналимовтың төрағалығымен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік-инвестициялық жобаларын қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау мәселесі қаралды. Негізгі баяндаманы қалалық Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ерсін Өтебаев жасады.

[smartslider3 slider=3939]

Оның айтуынша, биыл коммуналдық меншікке жалпы 84 жобаны қабылдау жоспарланған. Соның ішінде Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына 28 жоба тиесілі. Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының еншісінде 38 жоба, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасында 2 жоба, Құрылыс басқармасында 16 жоба бар. Бүгінгі күнге 23 жоба немесе жоспарланған нысандардың 22 пайызы коммуналдық меншікке қабылданды, ал қалған 61 нысан осы жылдың соңына дейін қабылдануы тиіс. Жалпы 2020-2022 жылдар аралығында бірқатар иесіз инженерлік желілер мен нысандар коммуналдық меншікке берілді. Оған жұмсалған қаржының жалпы сомасы 4,8 млрд теңгені құрады.

Одан кейін тиісті басқармалардың басшылары күн тәртібіне шығарылған  мәселе бойынша баяндама жасады. Атап айтқанда, Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Қожахметов, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Жансұлтан Сапарбаев, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева, Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Сыдықов осы басқармаға жүктелген жұмыстар барысымен таныстырды.

Бюджеттік-инвестициялық жобаларды қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау жұмыстарында түйткілдер жоқ емес. Мәслихат депутаттары пікірлері мен ұсыныстарын айтып, сауалдарын қойды. Хатшы Ерлан Каналимов жылдар бойынша коммуналдық меншікке қабылданбаған жобаларға тоқталып, құрылысы аяқталмаған нысандар жайын қозғады.

– 2013 жылғы нысандардың әлі тапсырылмағанын қалай түсінуге болады? Мәселен, «Көктем» қосалқы станциясының құрылысы 9 жылдан бері аяқталмай келеді. Осыған байланысты Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруа­шылық басқармасы қандай шараларды қолданып жатыр? Басқарма станция құрылысын созып жіберген компанияны сотқа берді ме, бұл компания жосықсыз деп танылды ма, осы мәселені талқылау және шешу үшін комиссия құру қажет. Заңнама шеңберінде мәселелерді реттеу мүмкіндігі бар. Биыл бюджеттік-инвес­тициялық нысандардың 25 пайызы ғана коммуналдық меншікке өткен. Қалғандары тапсырылу үстінде немесе әлі салынып жатыр. Қабылдауды жеделдету үшін түрлі бюрократиялық кідірістерді жою керек. Кейбір мемлекеттік органдардың заңгерлерінің жосықсыз мердігерлерге талап-арыз­дарды беру жұмысы төмен деңгейде. Басқармалар депутаттарға биылғы және өткен жылдардағы нысандарды беру бойынша кезең-кезеңімен жұмыс жоспарын ұсынуы қажет. Бұл нысандарды бюджет есебінен ұстауға болмайды. Ең алдымен, бұл көшелер, инженерлік желілер мен электр жүйелері, қосалқы станциялар және басқа да нысандар, – деген Ерлан Каналимов ұзаққа созылған жобалар бойынша мерзімдері көрсетілген Жол картасын дайындауды ұсынды

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button